Шымкентте «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

2939
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/2896fbca-4741-47d8-aea0-6004dce49f59.jpeg
Қала аумағында 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні аясында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Зорлық-зомбылықты жою, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту мақсатында 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Акция аясында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары қала тұрғындары мен құқық қорғау қызметкерлері арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, орталық мамандары тұрмыстық зорлық - зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған жағдайда 45-03-03 сенім және 8-775-450-54-33 ыстық желі нөмірлеріне хабарласуға болатындығы туралы арнайы (750 дана) ақпараттық парақшалар таратты. Аталған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық, мәдени, педагогикалық, еңбек және экономикалық бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта орталықта қызмет алушылар саны – 30, оның ішінде 6-ы аналар болса, 24-і балалар.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Комментарии