Еңбекші ауданында көпсалалы спорт алаңшасы ашылды

2488
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Тұрғындар игілігі үшін салынған алаңшалардың 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынған.

Спорт алаңшаның 6-ы шалғай елді мекенде, 4-еуі жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан.

Ауданда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр.

Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында орналасқан көпсалалы спорт алаңшасында кіші футбол, волейбол және баскетбол ойнауға мүмкіндік бар. Одан бөлек, «Street workout» пен тренажер элементтері де жасақталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер