Жаңа автотұрақ пайдалануға берілді

1776
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы халықаралық әуежай аумағында 485 көлікке арналған автотұрақ қолданысқа берілді. Оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көлігіне 8, қызметтік көліктерге 9 орын арнайы жасақталған.

Ескі әуежаймен ара-қашықтығы 250 метрді құрайтын жаңа автотұрақ көлік қозғалысын реттеуге үлкен мүмкіншілік береді.

Ендігі жерде, ескі автотұрақ тек қоғамдық көліктерге, тіркелген такси құралдарына және әуежай қызметкерлеріне қызмет ететін болады.

Жаңа автотұраққа қозғалыс Бақбаев көшесінен жаңа автомобиль жолына түсу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Автотұраққа қатынау бағытын қосымша ұсынылған сызбадан көре аласыздар.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер