ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

1972
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған «Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді?» жобасы аясында қалалық этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанатының мүшелері Т.Пак пен К.Бойко мемлекеттік тілде Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, бейнеүндеу жолдады.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған республикалық #Меніңтуым патриоттық акциясы өтіп, мемлекеттік рәміздердің қасиеті мен маңыздылығы, тарихы мен авторы жөнінде кеңінен айтылды.

Шымкент қалалық ассамблеяның тапсырысымен «Ontustik» телеарнасының эфирінен берілетін «Бірлігі бекем ел» телебағдарламасының «Бұл біздің рәміз!» (Мемлекеттік рәміздер күніне орай этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттары өкілдерінің Мемлекеттік рәміздерге көрсеткен сый-құрметі туралы) шығарылымы дайындалып, эфирден берілді.

Сонымен қатар, «Біз біргеміз!» донорлық қайырымдылық акциясы өткізіліп, нәтижесінде 45 ерікті жастардан 15 литрге жуық қан алынды. Жиналған қажетті қан ауыр халдегі науқастар мен онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» РЖҚ Шымкент қалалық штабының төрағасы Н.Әбдірайым мен «Достық» клубының мүшелері «Ontustik» телеарнасының «Таң нұры», «Zhastar LIFE» телебағдарламаларына қатысып, жастар тарапынан өңірде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сұхбат берді.

Жастарды бұқаралық спортқа баулу, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал ету мақсатында «13 Legion» ұйымы мен жастар қозғалысының волонтерлық тобы «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері, волонтерлар жалпыхалықтық тазалық күні акциясына қатысып, қала аумағындағы көлдердің, өзендердің жағалауларында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, республикалық «BizBirgemiz» акциясын қолдау мақсатында пандемия кезінде қаламыздағы қоғамдық жұмыстарға 100-ге жуық Шымкент қаласының волонтерлары жұмылдырылып, 20 мыңға жуық бетперделер, медициналық қолғаптар мен аскорбинді қышқыл дәрумендер таратылды.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар өкілдері «Риддер, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын өткізіп, жиынтығы 8 тоннаны құрайтын, құны 12 млн. теңге болатын гуманитарлық көмек жөнелтті.

Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында ҚХА этномәдени бірлестіктер және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен этномәдени бірлестіктерге арналған практикалық семинар-тренинг ұйымдастырылып, оларға ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ Шымкент қалалық штабының 7 өкілі қатысты.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тұрақты түрде өңірлік БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялануда.
Жалпы, қазіргі таңда «Жаңғыру жолы» қозғалысының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылып келеді.

Алдағы уақытта, жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді сақтау процестеріне тарту, жастар мәдениетін қалыптастыру, олардың жан-жақты дамуына, білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыру мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Ассамблеяның жастар бағытындағы қызметін одан әрі жетілдіру үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында жастар өкілдері мен еріктілерге арналған кабинетпен және ҚХА бастамаларын іске асыру үшін коворкинг-аймақпен қамтамасыз етілуі жоспарлануда.

Пікірлер