Си Цзиньпин: Дінді қытайландыруды бастауымыз керек

3632
Adyrna.kz Telegram

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин елдегі дінді "қытайтандыру" қажеттілігін және діни қызметті Қытай Коммунистік партиясының айналасына шоғырландырудың маңыздылығын айтты. Бұл туралы South China Morning Post газеті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Еліміз дінді қытайландыруға бет бұрып, партия мен Үкіметтің айналасында діндарлар мен дінбасыларды орталықтандыруға тырысуы керек", — деді ол дін мәселелері жөніндегі мемлекеттік конференцияда.

Қытай басшысының айтуынша, діни қызмет заң аясында жүзеге асырылып, білім беру, сот, әкімшілік істер мен қоғамдық өмірге араласпауы тиіс.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме батыс елдерінің «Қытай билігі діни қайраткерлер мен түрлі діни конфессиялардың өкілдерін қудалайды» деген сынына байланысты жасалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер