Қазағымның үні сенсің, домбыра

3265
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылардың флешмобы өтті.

Бұл флешмоб Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде жыл сайын өткізіледі. Талдықорғандық НЗМ домбырашылары дәстүрді онлайн режимде жалғастыруда.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күнін мерекелеу «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылардың флешмобымен басталды. Бүгін барлық НЗМ-де қазақ композиторларының күйлері бір мезгілде шырқалды. НЗМ Талдықорған домбыра оркестрі Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Адай», «Балбырауын» күйлері мен «Кеңес» халық күйін орындады.

 Күйлердің үні мен әуендері арқылы мәдени құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, батырлық аңыз-әңгімелеріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді... Қазақ домбыраны құрметті орында ұстаған, күйшілер құрметті қонақ болған. Бұл игі іс бүгінде жалғасын табуда», - дейді Зияткерлік мектептің ұстаз-куратор-ұйымдастырушысы Жанар Оразбаева.

Пікірлер