30 жастағы ер адам ұшақтан секіріп кетті

3655
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Phoenix Sky Harbor халықаралық әуежайында 30 жастағы ер адам ұшақтан секіріп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Gazeta.ru" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Колорадо-Спрингстен ұшатын 4236 рейсіне болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ жолаушылар келетін қақпалардың біріне қарай жылжып бара жатқанда, борттағы жолаушы артқы жағындағы люк арқылы ұшақтан шыққан" — дейді Southwest Airlines өкілі Дэн Лэндсон.

Осыдан кейін капитан ұшақты тоқтатып, әуе қозғалысын басқару қызметіне хабарлаған. Ер адам ұшу-қону жолағына құлап, аяғын жарақаттап алған.

Жолаушы ұшақтан түскеннен кейін ұшу-қону жолағы бойымен өрт сөндіру бекетінің ғимаратына қарай бет алып, бөлмелердің біріне жабылып қалған. Өрт сөндірушілер ер адамды есікті ашуға мәжбүрлеген. Ол аяғынан жарақат алып, тексеріліп, ауруханаға жеткізілді.

Ұшақтың ұшуы үзіліс пен іс-шаралардан кейін бағытқа шықты. Лайнер Колорадо-Спрингске аман-есен ұшқаны белгілі.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер