Хирург қателесіп науқастың сау аяғын кескен

5354
Adyrna.kz Telegram

Австрияда Линц қаласының соты қателесіп науқастың сау аяғын кесіп тастаған хирургке 2700 еуро айыппұл салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ВВС-ге" сілтеме жасап.

Сонымен қатар сотқа дейін көз жұмған науқастың жесіріне 5 мың еуро көлемінде өтемақы тағайындалған.

82 жастағы ер адам (аты-жөні, сондай-ақ хирургтің аты-жөні жарияланбады) осы жылдың мамыр айында Фрайштадт ауруханасына түскен. Оның сол аяғы кесілуі тиіс болатын, бірақ хирург неге екені белгісіз оң аяғына ота жасаған. Қателік екі күннен кейін аяқты таңу кезінде ғана анықталып, науқасқа тағы да ампутация жасалатындығы айтылған.

Бұл келеңсіз жағдай сотқа дейін барған. Онда хирург неліктен сол аяқтың орнына оң аяғын кесу үшін белгі қойғанын сұрағанда, ол "білмеймін" деп жауап берген. Одан кейін хирург басқа емханаға ауыстырылып, айыппұлдың жартысын төлеу кейінге қалдырылған.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер