Ақтауда жігіттер мен қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Lada.kz" порталына сілтеме жасап.
Төбелесті видеоға куәгерлер түсіріп, желіге жүктеген. Онда жігіттер мен қыздардың бір-бірімен жұдырықтасып жатқанынын байқауға болады.Оқиға 4 желтоқсанда 27-ықшамауданда Abdi дүкенінің алдында болған. Кейіннен бұл жерге полиция мен жедел жәрдем шақыртылыпты. Тәртіп сақшылары жағдайға байланысты әлі пікір білдірмеген. https://www.youtube.com/watch?v=CIR7cafx8YM&t=9s
"Адырна" ұлттық порталы