Жоғарғы сот судьясы 5 жылға сотталды

5631
Adyrna.kz Telegram

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2021 жылғы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотымен М.Жанғұттиновке қатысты алаяқтыққа қастандық жасау фактісі бойынша (ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 1-2 тармағы) және Л. Тұрғынбаеваға пара бергені үшін (ҚК 367-бабы 3-бөлігі 2 тармағы) айыптау үкімі жарияланды»,– делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, экс-судья 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақша алу кезінде ұсталған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер