БУРАХАН ДАКАНОВ: Кедей мемлекетте бәрі қымбат болады

2843
Adyrna.kz Telegram

Кедей мемлекетте бәрі қымбат болады деген сөзді өзімше талдап көрейін. Мен экономист, саясаткер тіпті бизнесмен емеспін. Биліктегілер жоғары жақта тұрғаннан кейін оларға басқаша көрінетіні заңдылық шығар. Өзім қарапайым адам болғасын маған бәрі жеңіл һәм оңай боп көрінер бәлкім. Қысқасы, КЕДЕЙ МЕМЛЕКТТЕ НЕГЕ БӘРІ ҚЫМБАТ деген сұраққа өзім көшіп келген Сергеевка елді мекенін үлгі ретінде алып, талдап көрейін.

Мысалы бізде құрылыс материалдар сататын «Строй мир» деген дүкен бар. Бүкіл аудандағы бірдеңе салам деген адамдар, тіпті көршілес ауданнан келіп осы дүкеннен құрылыс заттарын сатып алады. Иесі өзге ұлт өкілі. 100 км радиустағы осы саладағы дүкеннен жалғыз болғандықтан тасы өрге домалап тұр. Жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпас дегендей, дүкен ішінде өз шарттарын қойып, орасан кезек жасап- клиентке алсаң ал, алмасаң алма деген дүние жасайды. Бағалары да аспаннан түскендей. Алдында жұмыстағы бастықпен бір құрал алғанбыз. Алматының бағасынан 40 пайыз қымбат. Амалсыз алдық. Неге? Өйткені «конкуренция» жоқ, жақын маңайда конкурент жоқ. Аяқ астынан бір қазақ кеп осындай дүкен ашсыншы. Бағаларын мына дүкеннен 10 пайыз төмен қойса- мыналарда естерін жиып, бағаларын түсіреді де әр клиентке кенедей жабысатын ед. Нәтижесінде «баға түседі, сапа жоғарлайды. Бұндай мысалдар жетеді негізі.
Айтқым келгені, бізде адам арасында, елді мекен тіпті мемлекет деңгейінде «бәсекелестік дамымаған. Үкімет деңгейінде дегенім, мысалы АҚШта екі партия бар. Жыл сайын бірінен бірін өткізіп керемет программалар жасап жатыр. Нәтижесінде АҚШ озып тұр. Ал бізде.. Нұр Отан.
Негізі деймін, біз тезірек көтерілуіміз үшін кәсіпкерлер бір бірімен бәсекелесіп, соңында бас қосып үкіметпен бәсекеге түсуі керек. Мысалы, Германияда мұғалімнің жалақысы 3,5 мың еуро дейміз. Оны жасаған үкімет дейміз. Үкіметі халық үшін істеп жатыр дейміз. Шындығында басқаша, мысалы Берлиннің өзінде 50 шақты жеке меншік мектеп бар. Мұғалімдердің жалақысы 3 мың еуродан басталып 12 мың еуроға дейін жетеді. Сол себепті тіс қаққан мамандардың көбі «жеке меншік мектептерге өте бастаған. Нәтижесінде Неміс үкіметі мектептен кетіп жатқан мамандарды барынша ұстап қалуы үшін жалақыны көтеруге амалсыз мәжбүр болған. Бұндай дүние денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы қысқасы бәр жерде бар. Бәрін қосып тұрған бір ғана нәрсе — КОНКУРЕНЦИЯ.
Міне бізге осы керек.
Келісесіз бе?

Пікірлер