Home » Жаңалықтар » Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрден араша сұрады

Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрден араша сұрады

Елімізде сән үшін салынған мешіттер көбейіп, біразы қаңырап қалған. Дін істері министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, имамы жоқ, адам көп бармайтын бұл ғимараттарды қожайындары саудаға қойып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Кей мешіттер тіпті жамағат санына сәйкес келмейді дейді министр. Оның үстіне, халық көп жүретін көшенің бойына салынған мешіттер мен шіркеулердің кейбірінде көлік қоятын орындары болмайды. Дауысы қатты шығып, қоңыраулары айналадағы тұрғындардың мазасын алады. Осыны бұлдап министрлікке шағымданатындар көбейген. Сондықтан, ғибадатханалардың, әсіресе мешіттердің құрылысын тәртіпке келтіретін уақыт жетті дейді Ермекбаев.

“Бүгінде елімізде 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатханалар салуға рұқсат беретін айқын стандарттар болуы қажет. Соның ішінде, жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, ғибадатхана салудың жаңа үлгілі ережелерін енгізу керек”, – дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Stan.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Экология министрі қымбат ас ішкені үшін отставкаға кетті

Францияның экология министрі Франсуа Де Рюжи салық төлеушілердің ақшасын шашты деген айыптаулардан кейін отставкаға кетті. ...