Маңғыстау облысындағы Жармыш ауылында 10 мың кітап қоры бар кітапхана мен мәдениет үйі ашылды

603

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Жармыш ауылында заман талабына сай мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл — жармыштықтар үшін көптен күткен қуаны

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынған нысан екі  қабатты. Бірінші қабатында 200 орынды көрермен залы, би залы, 10 мың кітап қоры бар кітапхана, фойе, грим, киім ілетін орын және басқа да шаруашылық бөлмелері орналасқан. Ал, екінші қабатында шығармашылықпен айналысатын әдістемелік орталық, дыбыс, жарық, режиссура, мәдени ұйымдастырушы бөлмесі, түрлі үйірмелерге арналған бөлмелер бар.  Мәдениет үйі материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған.

Жармыштықтарды жадыратқан шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзина, аудан әкімі Тілек Көшмағанбетов қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Екі қабатты еңселі мәдени орталықтың лентасын қию құрметі мәдениет саласының ардагері Шамшадин Сабытаевқа бұйырды.

         Айта кетейік, Жармыш мәдениет үйінде 93 мүшесі бар 6 клубтық құрылым жұмыс істейді. Оның ішінде 1969 жылы құрылып, 1979 жылы «Халықтық» атағын алған Жармыш  халық театры да бар. Сондай-ақ, ән-би ансамблі, көңілді тапқырлар алаңы, домбыра үйірмесі және мәнерлеп оқу үйірмесі үздіксіз жұмыс жасап тұр. Үйірмелерге ауылдың сексенге жуық баласы қатысады. Ал кітапхананың кітап қоры – 10112, жылына 600-дей оқырман қабылдайды.

Кітапхана ішінде қор жинайтын екі бөлме, балалар әдебиеті бөліміне арналған бөлме, оқу залы бар.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket