Абай ауданында екі спорт алаңшасы ашылды

2547
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазығұрт шағын ауданы тұрғындарының игілігіне екі спорт алаңшасы берілді.

Нысанның ашылу салтанатына Абай ауданының әкімі Б. Парманов, қалалық мәслихат депутаты Қ. Даулеталиев, Nur Otan партиясының Абай аудандық филиалының өкілдері, аудандық ардегерлер кеңесі, әжелер алқасы және ауыл билері мен тұрғындар қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Б.Парманов «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен қатысушыларды құттықтады. Аудан әкімі тұрғындарға аудан аумағында желтоқсан айында 21 балалар алаңшасы және 33 спорт алаңшасының ашылатындығын жеткізді.

Сонымен қатар, ел ғалары халықтың игілігіне берілген спрот алаңшасының лентасын қиып, балаларға демеушілер есебінен сый-сияпаттар тарту етті.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер