Ауған “Мона Лизасы” Италиядан пана тапты

533

1984 жылы америкалық фототілші Стив Маккарри түсірген «Ауған қызы» фотосуретімен бүкіл әлемге танылған Шарбат Гула Италиядан саяси баспана алды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Италия премьер-министрі Марио Драги кеңсесі баспана берумен қатар Гуланың Ауғанстаннан эвакуацияланғанын хабарлады.

Шарбат Гула 1985 жылы Стив Маккарри босқындар лагерінде түсірген суреті National Geographic мұқабасында жарияланғаннан кейін бүкіл әлемге танымал болды. Суреттегі қыздың есімі көпке дейін белгілі болған жоқ, оны көбінесе «Ауған Мона Лизасы» деп атайтын.

Бұған дейін «Ауған Мона Лизасының» авторы қазақстандық журналистерге сұхбат берген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket