Арон Атабек қайтыс болды

8510
Adyrna.kz Telegram

"Шаңырақ" оқиғасына қатысты 18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп болған диссидент ақын Арон Атабек қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Orda.kz" сайтына сілтеме жасап.

Қаралы хабарды Айсұлу Әбубәкірова растады. Денсаулығы нашарлаған Арон Атабек соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп, «Сұңқар» клиникасын ем алып жатқан еді.

20 қазан күні ақынның қарындасы Рәзия Нутышева Арон Атабектің жағдайы нашарлағанын айтты. Кейін жедел-жәрдем шақыртып, диссидентті жеке клиникаға жатқызған.

Арон Атабектің сол уақытта жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатқаны айтылды. Кейін оның жан сақтау бөліміне түскені туралы хабарланды. Кейін комаға түскені айтылды.

Еске сала кетейік, Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Диссидент қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер