Шымкентте ем алушыларға арналған кітап сөрелері орнатылды

1704
Adyrna.kz Telegram
"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер" басқармасының бастамасымен қолға алынған "Кітап - жан дәрумені" жобасы аясында жергілікті 12 аурухана, емхана және балалар ауруханалары классикалық және заманауи авторлардың туындыларымен толықтырылды. Ем алушы шымкенттіктер қалаған кітабын алып, ауруханадағы уақытына өзгешелік енгізе алады.
“Өкінішке қарай, ауруханаларда науқастар саны азаймай отыр. Оған қоса, ұзақ мерзімді емге мұқтаж азаматтар да бар. Жерлестеріміздің еміне сәл де болса көмегімізді тигізсек деген ниетімізді осы жоба арқылы іске асырып отырмыз. Емделу тек физикалық қана емес, эмоционалдық жағдайға да байланысты. Кітап оқып, ойын жақсы жаққа аударудың әсері ем алушыларға тезірек сауығып кетуге ықпалын тигізеді деп үміттенеміз.” - дейді жоба ұйымдастырушылары.
Қазіргі таңда 12 ауруханада бастау алған бұл жоба басқа да қалалық ауруханаларда өз жалғасын табады деп күтілуде. Туындылар арасында М. Әуезов, У. Шекспир кітаптарын, заманауи жазушылардың еңбектерін және балаларға арналған сан алуан кітапшалар мен ертегілерді кездестіруге болады. Өз кітабымен бөлісуге ниет білдірген адамдар да кітап сөрелерін толықтыруға мүмкіндігі бар.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер