Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

1789
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте пневмонияға шалдыққан науқастарды емдейтін провизорлық орындардың 90 пайызы босаған. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын саналады. Бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босаған. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күресу үшін медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеген болатын. Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы көмек көрсетіп келеді. Олар қазіргі таңға дейін 25 мыңға жуық науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер