35 мың тұрғын наразылық акциясына шықты

2928
Adyrna.kz Telegram

Кеше 20 қарашада Венада 35 мыңға жуық адам коронавирусқа байланысты шектеу шараларына қарсы екендерін айтып наразылыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Австрия канцлері Александр Шалленберг коронавирусқа байланысты тағы локдаун жариялағаннан кейін тұрғындар Вена көшелеріне наразылық акциясын ұйымдастырды. Осыған дейін Австрия билігі 2022 ақпанынан бастап жалпыға бірдей міндетті вакцинация енгізілгенін мәлімдеген болатын.

Куәгерлердің айтуынша, наразылық кезінде бірнеше адам тұтқынға алынған. Шеруге шыққан бірнеше адам қауіпсіздік полициясына сыра құтыларын лақтырған.

Бұған дейін де мыңдаған адам Сан-Сальвадор көшелеріне шығып, президент Найиб Букеле үкіметіне елде биткоинді заңды төлем құралы ретінде тануға қарсылық білдірген болатын.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Сальвадор астанасындағы шеруге кем дегенде 4 мың наразылық білдіруші қатысқанын айтады. Қаланың бас алаңынан алыс емес жерде олар 40 жастағы Президент бейнеленген қуыршақты өртеп жіберген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер