Үндістанда тепловоз рельстен шығып кетті

3859
Adyrna.kz Telegram

Үндістанда 20 қараша күні таңертең теміржолдағы жарылыс салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқиға сенбі күні таңертең Дханбад ауданында болған.

Үндістан темір жолы шахтаның жарылыс орын алды деп мәлімдеді. Салдарынан темір жолға да зақым келген. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Теміржол басшылығының айтуынша, оқиғаға маошыл содырларының қатысы болуы мүмкін.

Үндістанда көбінесе наксалиттер деп аталатын маошылар маоизм мен марксизм-ленинизмнің өзіндік нұсқасын насихаттайды және қазіргі уақытта Үндістанның 28 штатының 14-інде белсенді. Наксалиттер кедей шаруаларды «капиталистік езгіден» босатуды көздейтінін мәлімдеп, көбінесе жергілікті халықтың қолдауына ие болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер