Шымкент қаласының спортшылары Польшадан жүлдемен оралды

2033
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/264adcde-b388-4217-b2aa-2f6c18cdd77f.jpeg
2021 жылдың 07-11 қазан аралығында Польшаның Ломянки қаласында пара-биден халықаралық ашық чемпионат өтті. Бұл сында Шымкент қаласының N19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының шәкірттері қатысып, жүлделі орынға ие болды. Жарысқа әлемнің 16 елінен 120-дан астам спортшы қатысты. Айдана Мұқанова мен Ермек Қалымбетов жұптасып билеуден дуо латина және фристайл жаттығуы бойынша екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Ермек Қалымбетов жекелей фристайл сайысында 2-ші орынды жеңіп алды. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Дарья Жұмаділлаева. Айта кетсек, Ермек Қалымбетов әлем чемпионатының үшінші орын иегері. 2016 жылғы Азия чемпионы, 2019 жылы Италияда өткен әлем кубогының қола жүлдегері.
Комментарии