Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» мектептік шағын мұражай ашылды

2541
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының Шортанды ауданының мектебінде алғашқы мектептік «Рухани жаңғыру» шағын мұражайы ашылды.

«Осындай кішкентай ғана мектепте «Рухани жаңғыру» бөлмесі ашылғаны өте қуантарлы жағдай, біздің ауданда 25-тен астам мектеп болса да, енді осы мектепке білім беру мекемелерінің басшылары тәжірибемен алмасу үшін келеді», - деді Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Қасенова.

Жалпы, бүл өңірдін  360  тұрғыны бар, ал мектепте 50 бала оқиды. Мектеп әкімшілігінің бастауымен бөлме-мұражайдың  іші киіз үйді еске салу үшін барлығы жасалған.

«Қазір біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүргенін, олардың күнделікт өмірі неден тұрғанын білеміз. Ал, «Рухани жаңғыру» бөлме-мұражайы біздің қазақ екенімізді біліп жүргеніміз үшін біздің тарихымызды баяндайды», - деп өз әсерімен бөлісті Мықтыкөл орта мектебінің оқушысы Серікбай Заңғар.

Айта кетейік, жергілікті халық бірлесіп мұражайдың ішін экспонаттармен толтырған.

Пікірлер