Әлем чемпионын қабылдады

1189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/2672368ec01054db290f0a7adf45eb83.jpg
Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Украина астанасы Киев қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Акбар Елубайұлын қабылдап, марапаттады.
– Украинада еліміздің әнұранын шырқаттың. Сенің жеңісің біздің зор мақтанышымызды туғызды. Алдағы уақытта спортта үлкен биіктерді бағындыруыңа тілектеспін. Денің сау, отбасың аман болсын, – деп ыстық ықыласын жеткізген аудан басшысы жеңімпазға өз атынан сый-сияпат жасап, Алғыс хат табыс етті.
Акбар Елубайұлы – еркін күрестен ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы, Азияның күміс жүлдегері. Сондай-ақ, спорттың ММА, панкратион, джиу-джитсу түрлері бойынша ҚР чемпионы, спорт шебері. «Толағай сұлтаны – 2019» байқауының бірінші орын иегері. 33 келі тартатын муляжды 2019 рет көтеріп, Қазақстанның рекордтар кітабына (КИнЭС) енген.

Мақсат Қарғабай

Комментарии