Шымкентте жас отбасыларға арналған «Otbasy Fest” сайысы өтті

24

Шымкентте Отбасы күніне арналған іс-шаралар жалғасуда. Қаламызда Президенттің тапсырмасы негізінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Otbasy Fest” сайысы өтті.

Аталған отбасылық шараға 10 жанұя қатысып, өз бақтарын сынады. Сайыста жеңіске жеткен жас отбасыға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен көпбалалы аналарға арналған іс-шаралар да ұйымдастырылды.

Шара барысында алтын құрсақты аналардың еңбектері еленіп, оларға түрлі сыйлықтар табысталды. Отбасы күніне арналған мерекелік шаралар өз жалғасын табады.

Гүлдана Дәурен

Пікірлер
Редакция таңдауы