«Қыз Жібек» операсы жаңаша бағытта сахналанады

364

Шымкенте Майра Мұхамедқызының басшылығымен Опера және балет театрында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы арналып, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы жаңа музыкалық редакцияда көрермен назарына ұсынылады.

Бұл опера шаһарда 2010 жылы А.Алтынбековтың режиссерлігімен сахналанған болатын.

Қазақтың тұңғыш операсын жаңа бағытта сахналау үшін Ресей Федерациясының режиссеры Михаил Панджавидзе арнайы шақыртылды.

Қойылымда ару Жібекті рөлін Әйкерім Шәріпбек пен жас солист Жұлдызай Мұсаева сомдайды. Төлегеннің рөлін талантты әнші Мәдіхан Дүйсеев орындайды. Қойылым 30-31 қазан күндері өтеді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Сіздерді жаңаша бағыттағы туындыны тамашалауға шақырамыз !

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы