Ішкі істер органдарына азаматтарды жұмысқа тарту мақсатында ақпараттық жұмыстар жүргізілді

1508
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында азаматтарды Ішкі істер министрлігі Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкіне жұмысқа тарту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.

50-ден аса ниет білдірген қала тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ішкі істер министрлігі Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің 4-полиция батальоны взвод командирінің орынбасары полиция аға лейтенанты Төлегенов Берік Айтбайұлы жұмысқа қабылдану шарттары мен талаптарын жайлы толық ақпарат беріп, тұрақты жұмысқа орналасуға шақырды.

Толық мәлімет алу үшін байланыс тел:
8702 197 25 51, 8702 520 93 32

Пікірлер