Шымкент: бес колонияда сотталушылардың қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі өтті

1551
Adyrna.kz Telegram

Түзеу мекемесінде, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы бес колониядағы сотталушылардың қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі өтті.

Байқауға ұсынылған жұмыстарды, құрамында мекеме және мемлекеттік қызметкерлері бар қазылар алқасы бағалады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ағаш өңдеу шеберханасында-қылмыскерлер, сан-алуан тағдыр, түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылған кәсіптері сан қилы адамдар. Кәдесый өнімдері: қобдишалар, шахмат, ас үй жиынтықтары, тақтайшалар мен кемелер – бұл сотталғандар үшін хобби ғана емес, бұл шығармашылық. Мұндағы көптеген адамдар бүкіл уақытты осымен өткізеді.

«Жеке кәсіпкермен жұмыс істейміз. Біз ағаштан жасалған эко-ыдыс – аяқ, креслолар, кәдесыйлар-нарды және шахмат жасаймыз. Барлығы жұмыс істейді, жалақы алады. Біз туыстарымызға ақша жібереміз», дейді жазасын өтеуші.

Сотталғандар қолдағы материалдардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасауда айтарлықтай шеберлік танытты. Мекеме қызметкелері мен мемлекеттік қызметкерлерінен жасақталған қазылар алқасы жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен эстетикалық келбетін бағалады. Сотталғандардың арасында өз ісінің шеберлері – дарынды адамдар көп.

Райхан Құдайбергенова, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы: «Менің ойымша біз әділ таңдадық, көпшілік дауыспен. Қазылар алқасының құрамында қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мен әкімдік қызметкерлері бұйымдарды көріп шықты. Байқауға ұсынылған бұйымдарды бағалағанда, оларды жасауға кеткен еңбек пен қандай мағынамен жасалғаны ескерілді».

Байқауда бірінші орынды екі сотталған бөлісті. Бас жүлде 167 /4 4 түзеу колониясының жазасын өтеушісіне бұйырса, ерлер арасында – бесбармаққа арналған ұлттық ыдыс – аяқ-астау үшін-15 мың теңге 167/ 2 ИЧ мекемесіндегі сотталушыға табыс етілді.

Нұрлыбек Сандыбаев, түзеу мекемесі бастығының орынбасары: «Байқауға 5 түзеу мекемесінен қатысты. Оның ішінде әйелдер колониясы да бар. Мұндай байқау жылына бір ұйымдастырылып тұрады. Суреттер мен бұйымдар арқылы олар өмір туралы ойлары мен идеяларын, айналадағы шындыққа деген көзқарасын білдіреді. Өнер адамды қатты өзгертеді. Бостандыққа шыққаннан кейін олар ағаш кесу немесе жиһаз жасау тәжірибесін қолдана алады».

Суреттер мен сәндік бұйымдарды авторлар балалар үйіне сыйға тартты.

Шынар Оразова

Пікірлер