Шымкент: Емханаға тіркелу басталды

768
Adyrna.kz Telegram

15-ші қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды.

Ол қарашаның 15-не дейін жалғасады.

Келер жылы сапалы медициналық көмекке қол жеткізу үшін тұрғындар бүгіннен бастап өз таңдауымен тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелуге мүмкіндігі бар. Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 14 мемлекеттік емхана және 27 жекеменшік алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары қызмет көрсетеді.

Сәбит Құралбек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры:»Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер науқасқа үйге бара алады. Бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды».

Медициналық ұйымдарға тіркелудің әдісіне тоқталсақ. Электрондық үкіметтік веб-порталы арқылы егов. кз.сайтының Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Өрістерді толтыру арқылы медициналық ұйымға өтініш беру керек. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Екінші әдісі емханаға жеке куәлігімен тікелей жүгіну. Қазіргі таңда емханаларда барлық жағдай жасалған дейді шахардың бас дәрігері.

Бақытжан Позилов, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы:»Интернет жүйесінің жұмысына қатысты кемшіліктер орын алған емханаларда қазіргі таңда олар жойылған. Біз «Қазақтелеком» және таратушы компаниялармен жұмыс істедік. «Самал-3″шағынауданындағы №6 емханада интернет жүйесі ретке келтірілді. Сонымен қатар, Бозарық елдімекеніндегі №10 емханадағы интернет жүйесі, Бадам1,2 дегі дәрігерлік амбулаториялық бекетте де қазіргі таңда интернет жақсы жұмыс істеп тұр».

Емхана, медициналық ұйымдарға тіркелу 15-ші қыркүйектен қарашаның 15-не дейін жалғасады. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының сайтында, Емхананы таңдау бөлімінде танысуға болады

Шынар Оразова

Пікірлер