Шымкентте халық санағы белсенді түрде жүргізілуде

1475
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/a43683d33b40f413228d54e3c6ed4a2f-1-767x420-1.jpg

Шымкентте халық санағы белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы қалалық Ұлттық статистика бюросы департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі сәтке дейін 130 мыңға жуық адам онлайн санақтан өткен. Қалада 1 кезеңге 200-ге жуық қызметкер тартылса, 2 кезең үшін 1500-ге жуық азамат уақытша жұмысқа алыну жоспарлануда. Естай Жақаев, Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің баспасөз хатшысы: «15 қыркүйек сағат 9:00-ге дейінгі жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша 129 207 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың ішінде 110 662-сі sanaq.gov.kz сайтынан өткен. 13 538 адамы egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, ал 5007 адамы санақтан Aitu қосымшасы арқылы өтті».

Әлихан Файзханов

Комментарии