Шымкент: Инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

755
Adyrna.kz Telegram

Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Сөзінше, 25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылған.

Жалпы төсек-орын қоры 12 211 төсек-орынға қысқарды. Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек орындарды қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлихан Файзханов

Пікірлер