Шымкент: Бір ауруханада 200-ге жуық трансплантация жасалған

900
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханада 2014 жылдан бері 172 бүйрек және 24 бауыр алмастыру отасы жасалған. Ал, 2019 жылы Абылай Донбай бастаған клиникалық аурухананың трансплантолог дәрігерлері бауыр трансплантациясы отасын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстандық рекордты жаңартқан болатын.

Тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана 520 төсек орынға есептелген. Бұдан басқа, шілде айынан бастап аурухана базасында 170 орынға арналған инфекциялық стационар ашылған. Бүгінде мұндағы қабылдау бөліміне күнделікті 350-ден аса науқас медициналық көмекке жүгінеді екен.

Жалпы ауруханада хирургиялық, нейрохирургия, урология, сынды 22 бөлімше мен инсульт орталығы, КТ, МРТ және ангиогроф кабинеттері жасақталған. Бүгінгі таңда аурухана қызметкерлері 2019 жылдың іске қосылған «DamuMed» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуде. Сондай-ақ, орталық 299 компьютер және 10 планшетпен қамтамасыз етілген.

Мөлдір Ибадуллаева

Пікірлер