Мәслихат депутаттары Әл Фараби ауданында атқарылған жұмыстардың барысымен танысты

875
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысын баяндады.

Халық қалаулылары ең алдымен төменгі Отырар шағынауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Бүгінде онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ойын элементтері орнатылуда.

Сондай-ақ, мәслихат депутаттары демеуші есебінен салынып, мамыр айында пайдалануға берілген Әлімбетов көшесі 45 В мекенжайда орналасқан спорт алаңшасын көрді. Әл-Фараби ауданында Серік Төлбасовтың демеушілігімен жалпы 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның 4-і халық игілігіне берілсе, 3-і күз мезгілінде салынбақ.

Қалалық мәслихат депутаттары Данабек Исабеков, Әйгерім Жұмағұлова, Қайрат Сүлейменов жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында «Қуатжылуорталығы-3» жылу қазандығын да аралап көрді. Жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жылыту жүйесімен танысты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер