Шымкентте көпбалалы аналар SMM курсын тегін оқуда

44

Білімді оқу орнында ғана емес, үйде де алуға болады. Бүгінде тегін СММ курстарын оқып оқып, оның пайдасын көріп отырған Шымкенттік көпбалалы аналардың білімге деген қызығушылығы, осы сөзімізге дәлел.

Бүгінде арнайы курсты 20-дан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы аналар оқып жатыр. Тегін курсты Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шанырақ» Отбасы институтын қолдау орталығының бастамасымен өтуде. 1 ай уақытқа созылатын курс сабақтары аптасына 2 рет өткізіледі.

Бүгінгі таңда көпбалалы аналардың бесеуі курсты үздік аяқтап, арнайы сертификаттарын алған.

Гүлдана Дәурен

Пікірлер
Редакция таңдауы