Боксшылар ТМД ойындарынан үш медаль еншіледі

811
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Қазан қаласында ТМД елдерінің 1-ойындары аяқталды. Ақтық сынға шыққан 6 былғары қолғап шеберіміздің төртеуі өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Жалпы бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салында десек, боксшыларымыз соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).

Бокстан өткен жекпе-жекте еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының бұрымды боксшылары 60 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сəрсенбек жеңімпаз атанса, 46 келіде рингте жұдырықтасқан жерлесіміз Дельфина Əбілхан қола жүлдегер атанды.

Ал, ұлдар арасында рингте өнер көрсеткен 52 келідегі Нұрислам Қалдыбаев қола жүлдені қанағат етті.

Түркістандық былғары қолғап шеберлері Қазан қаласындағы додада өздерінің мықтылықтарын көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер