Шымкенттіктер тілдер мерекесін атап өтті

46

Шымкентте Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілді. Қалалық мәдениет басқармасының бастамсымен ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты өзге этностардың тілін құрметтей отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңызын насихаттау. Іс-шараға арнайы шақырылған, қазақ тілінің – ұлттық белгі, халықтық мұра, тәрбие діңгегі, білім-ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны екенін ұғындырып, ана тілімізде сөйлеуді насихаттауда ерекше үлес қосқан бірқатар үшінші мегаполис тұрғындары марапатталды.

Шымкенттіктер Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті. Қалалық мәдениет басқармасына қарасты 19 мекеме атсалысқан шара Абай саябағынан бастау алды. Мерекелік атмосфераны сезінген тұрғындар викториналық сұрақтарға жауап беріп, латын-караокесінде ән шырқады. Сондай-ақ-қуыршақ театры мен цирк әртістерінің өнерін тамашалай отыра «Тілашар» сөздігінің тұсаукесеріне күә болды.

Сөздіктің бір бумасын қолына алған Павел Ким қазақ тіліне деген құрметі ерекше екенін атап өтті. Қашанда мемлекеттік тілді дәріптеп жүремін деген ол бүгінде оның көп пайдасы тигенін жеткізді.

Павел Ким, Жетісай қаласының тұрғыны:
«Қазақ тілін шамамен 3-4 жасымнан бастап білемін. Қалай меңгергенім есімде жоқ. Қазақша балабақшаға бардым. Қазақша мектепке бардым. Бұл тіл маған өте көп мүмкіндіктер ашты. Өте көп жол ашты».

Тілдің байлығы ондағы сөздің санымен емес, сол тілде бар ақпараттың көлемімен өлшенеді. Осылай деген Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан атаулы датаның маңыздылығын мейілінше терең түсінуіміз керек дейді. Әлемде 7000 тіл болса оның әр қайсынының өзіндік мәртебесі бар екенін тілге тиек еткен шенеунік мемлекеттік тілді дамыту үшін бәріміз бір кісідей ат салысуымыз қажет екенін атап өтті.

Шыңғыс МұҰХАН Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:

«Жалпы менің ойымша кез-келген халықтың, мәслен Қазақстан халқының дамуы үшін ең бірінші ол елде тұратын адамдар дамуы керек, Ал ол елде тұратын адамдар даму үшін халық сөйлейтін мемлекеттік тіл даму керек. Ал ол үшін сол тілдегі ақпарат даму керек».

Тіл. Тарих. Театр. Ал қаламыздың Арбат демалыс алаңында күні бойы алты театр сахналық қойылым көрсетіп, көрерменді тәнті етті. Барлық санитарлық талапты ескерген мәдениет қызметкерлері концерттік залда емес, ашық аспан астында халықтың көңілін көтеруді көздедік дейді.

Ханзада Есенова, Шымкент қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

«Біздің ең басты мақсатымыз тілдің эвалюциясын көрсету. Күлтегіннен бастап, Ыбырай Алтынсарин, Әл-Фараби, Абай атамыз дегендей. Абайдың жалпы өзінің периодтық шығармашылық жұмысын көрсету мақсатында. Өйткені калабарация орыс театры мен қазақ драма театры бірігіп, Пушкин өзінің эстафетасын Абайға беріп, ол Гетеға беріп кішкентай спектакль үзіндісі қойылды».

Айта кетейік, биыл алғаш рет кең көлемде ұйымдастырылған тілдер күні мерекесіне келесі жылы өзгеде басқармаларды қатыстыру жоспарланып отыр.

Мөлдір Ибадуллаева

Пікірлер
Редакция таңдауы