Мақтааралдан Байзақ ауданынына гуманитарлық көмек жіберілді

22

Мақтаралдықтар Жамбыл облысы Байзақ ауданына 10 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың бастамасымен зардап шеккен өңірге жіберілген азық-түлік арнайы ұйымдастырылған қоймаға орналастырылды.

Аталған гуманитарлық тауарлар төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға үлестірілетін болады. Байзақ ауданының тұрғындары қиын сәтте қол ұшын созған мақтааралдықтарға алғыстарын білдірді.

Жіберілген көмекті ұйымдастыруда былтыр су тасқынынан зардап шеккен Өргебас, Фердауси ауылы тұрғындары белсенділік танытты.

Айта кетейік, өткен жылы Мақтаарал ауданында су тасқыны болған кезде Жамбыл халқы алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Айнұр Бекасанова

Пікірлер
Редакция таңдауы