Тектұрмас кесенесі ( ХІV ғ.)

8067
Adyrna.kz Telegram

Тектұрмас кесенесі ХІV ғасырда Талас  өзенінің оң жағалауында салынған. Бұл қаладағы өте көне діни орындардың бірі. Осы төбенің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы  және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.

ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде жартылай қираған. ХІХ ғ. 80 жылдары түсірілген кесене формасының қарапайым фотосуреті ғана сақталып қалған. Аталған кесененің орнына 2001 жылы археологиялық қазба жұмыстарыжүргізіліп, 2002 жылы ортағасырлық үлгіде кесененің алғашқы  орнында  жаңадан кесене тұрғызылды. Тектұрмастың тарихи аты - Сұлтан-Махмудхан. Ал, Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз орын» дегенді  білдіреді.


 “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 

Жамбыл обылсы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы мен

“Адырна”ұлттық порталының  бірлескен жобасы


 

Пікірлер