Қазан айының 20-шы жұлдызы ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туған күні. Биыл білімнің алғашқы қоңырауы атанған ұстаздың 180 жылдығы. Осыған орай қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында қазқ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің онкүндігі ұйымдастырылды.
Бұл апталық аясында мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушылары білімдерін шыңдайтын сайыстарға қатысты. Сонымен қатар өздеріне арналған танымдық іс-шараларға қатысты.
Атап айтатын болсақ, оқушыларға арналған «Тіл жанашыры» білімділер сайысы, «Дала қоңырауы» облыстық эссе сайысы, «Ыбырай ашқан мектептер тарихы» дөңгелек үстелі, «Тарих қадамдары» зияткерлік сайысы және басқа да танымдық жағы мол шаралар болып өтті.
Бұл бастамаға оқушылардың барлығы бірдей атсалысып, өздерінің білім көкжиектерін кеңейте білді.
-Бұл апталық қывзықты оқиғаларға толы болды. Шәкірттеріміз Ыбырай Алтынсарин жайында мол мағұлымат алды. Олар көптеген сайыстарға қатыса отырып, білімдерін толықтырды. Жеңімпаз атанғандары да бар. Әрине, осындай тағылымы мол апталықтар бізім ордамызда жиі ұйымдастырылып тұрады,-дейді директордың оқу ісі жөні бойынша орынбасары Гүлнұр Мағзұм.
Ұстаздың артында қалған ізі мәңгілік. Оның салған сара жолымен еліміздің бүгінгі білім саласы құрылып отырғаны айқын.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА