"Кальмар ойынының" режиссері: Екінші сезон ба? Болады

3244
Adyrna.kz Telegram

Корей режиссері Хван Донг Хюк сериал сценарийінің жалғасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сериал авторы Associated Press агенттігіне екінші маусымға дайындалып жатқанын айтты. Бұл жаңалыққа жанкүйерлері қатты қуанатынын да жасырмады.

Жанкүйерлердің сериалға деген махаббаты, әрі сериалдың жалғасуына көптеген өтініштер түсті. Маған таңдау қалдырмады. Дәл қазіргі сәтте менің миымда сюжет сәттері елестеп жатыр. Жоспарлау үстіндемін. Алайда 2 маусымның қашан шығатынын кесіп айтуға әлі ерте,- деді режиссер.

Бұған дейін The Guardian-ға берген сұхбатында Хван Донг Хюк Netflix басшылығымен сериалды жалғастыру туралы сөйлесуге қарсы емес екенін мәлімдеді:

Мен әлі ойлану үстіндемін. Мен бір кино түсірмекпін. Ең алдымен не істеу керегін шешіп алайын. Netflix-пен келісім жүргізу қажет.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер