Шымкентте спортшылар көп

1172
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте тарих беттеріне есімі жазылып, елімізді дүние жүзіне танытқан спортшыларымыз аз емес. Әлем спортының аңызына айналған, Олимпиада, Әлем және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, танымал гимнастшы Нелли Ким, Бокстан Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттарханов, Азияның абсолюттік чемпионы атанған көркем гимнастика шебері Әлия Юсупова, Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған былғары қолғап шебері Мұхтархан Ділдәбеков пен кәсіби бокстан орта және ауыр салмақтағы бірінші былғары қолғап шебері атанған Бейбіт Шүменов, Нұржан Сманов, Еркебұлан Шынәлиев секілді боксшыларымыз, әскери самбодан 3 дүркін әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспанов, футболист Қайрат Аширбеков, шахматшы Гүлісхан Нахбаева, фристайлшы Жанбота Алдабергенова және өзге де көптеген мақтан тұтар спортшыларымыз жетерлік.

Сондай-ақ, еліміздің намысын қорғап жүрген Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының атақ-даңқы алысқа кеткен. Олар Қазақстан кубогы, Суперкубогымен қоса-қабат қола медальді жеңіп алған. «Биік» футболшы қыздар командасы да кәрі құрлық ойындарында биіктен көрініп жүр.

Сонымен қатар, Олимпиада ізбасарларын әзірлейтін балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған төрт спорт мектебі, спорт секциялары мен клубтары, Қажымұқан атындағы, «Динамо», «Локомотив», «Металлург» секілді жеті стадион, 100-ге жуық спорт зал, бес жүзу бассейні, үш спорт кешені, жеңіл атлетикалық манежі және футбол, гинастика, ат спорты, қысқы спорт түрлері бойынша спорт мектептері бар.

Онда спортшы аға-әпкелерінің жолын жалғар 13000-нан аса оқушы тәрбиеленіп келеді. Жаңа буынның жаңашылдығын байқап, қайсарлықтары мен спортқа деген ынта-ықыластарын көріп, болашақта биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жететініне үлкен сенім артамын.

 

 

 

Пікірлер