Шымкентте республикалық деңгейде VI спартакиада басталды

1052
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қаламызда республикалық деңгейде, тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында VI Спартакиадасы басталды.

Жарыс паралимпиадалық емес 5 спорт түрінен – дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, каратэ және арбада билеу сынды бағдарлама бойынша өтеді.

Сайысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыс 21-25 қыркүйек аралығына жоспарланған. Тартысты бәсекелер «Көрме» орталығы мен Шымкент қалалық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтпек.

 

Пікірлер