ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаратау ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен қала жастарымен еркін форматта кездесу өтті.
🔶️Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев және «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысты.
🔷️Еркін форматтағы кездесу барысында жастармен қала әкімінің орынбасары Махсұт Исахов пен кездесу қонақтары жеке өмірі мен қызығушылықтары жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар өзара ашық сұхбат өткізіліп, сұрақ-жауап алмасып, жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасты. Нәтижесінде жастар қызықты сұхбаттан өздеріне рухани азық, қажетті білім мен ақпарат, мотивация алып қайтты.
🎬Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар естелікке суретке түсті.
❗Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.