Темекі тұтқылын лақтырған полицейдің видеосы желіде қызу талқыға түсуде (ВИДЕО)

3744
Adyrna.kz Telegram

Өтіп бара жатқан ер адам полиция қызметкері жерден лақтырған темекі тұқылын алып, полиция көлігіне қайта лақтырып жіберген видеоны желіде қазақстандықтар қызу талқыға салуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Видео Instagram желісіндегі әртүрлі парақшаларда жарияланған.
Жолдан өтіп бара жатқан ер адам полиция қызметкерінің темекі тұқылын көшеге лақтырып жатқанын көрді, делінген kris_p_tdk сайтындағы бейне сипаттамасында.
Белгілі болғандай, оқиға 28 қазан күні Түркістан облысы Жетісай ауданында болған.

Облыстық полиция департаменті мұндай әрекеті үшін полиция қызметкеріне «Қоғамдық орындарды ластау» бабы бойынша айыппұл салынғанын хабарлады.

Бейнежазбаға түсірілген Түркістан облысы ІІД Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкеріне қатысты қоғамдық орынды ластағаны үшін 1-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен айыппұл салынды.
Түркістан облысы ДПП баспасөз қызметі

Сонымен қатар, департамент сендіргендей, «алдағы уақытта мұндай әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді».

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау

1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер