Маңғыстауда ер азаматты балталап тастады (ВИДЕО)

2576
Adyrna.kz Telegram

Мұнайлы ауданында төбелес болып, онда балта қолданып, салдарынан бір ер адам қаза тапты. Полиция департаменті қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кісі өлтіру оқиғасы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында болған.

- 6 қарашада сағат 20:25-те Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне Басқұдық ауылында Берекет көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Қоңырауға жедел тергеу тобы барды, оқиға орнында кісі өлтірген деген күдікке ілінген екі азамат ұсталды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағы (адам өлтіру) бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер