Тұран шағынауданында құрылысы жүріп жатқан 13 көшенің сапасы бақылауда

3443
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/4e3afdf9-6753-4a52-abd9-6e6dceea3e96.jpeg
Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігінде орналасқан Тұран шағынауданында қазіргі таңда барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Биыл 4 көшенің жол құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарға қойылған. Бүгінде мердігер мекеме «Отау-строй» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан № 2 жол жұмыстарының 98 пайызы аяқталса, “Строй Жол Сервис” ЖШС № 6 жолдың 96 пайызға жуық жұмысын аяқтаған. Қалған 9 көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) 2022 жылға өтпелі болып табылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии