Алматы қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы азамат іздестірілуде

8134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/9e990ddf-9642-40ce-9ffb-a95cc34acfb2.jpeg
Алматыда 3 қараша күні із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы азамат іздестірілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ол Алматы қаласында кездесуге кеткені белгілі болды. Соңғы рет телефонмен сағат кешкі 20:27 арасында әжесімен сөйлескен. Жоғалған азаматтың аты-жөні: Қажымұрат Ақназар Арманұлы 2001 жылғы. Белгілері: ұлты қазақ, бойы - 175 см, салмағы - 60 кг, шашының түсі қара, көзінің түсі қара. Сол қолының бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы теріде аллергия іздері бар. Іздестіріліп жатқан жан туралы көрген, білгеніңіз болса: Whatsapp: +7700 267 19 78 және +7747 503 19 54 нөміріне немесе 102-ге хабарласуыңызды өтінеміз.

“Адырна” ұлттық порталы

 
Комментарии