Коронавирус жайлы өлең жазған адамды 5 жылға соттады

2539
Adyrna.kz Telegram

Түрікменстанда COVID-19 туралы өлең шығарған автор бес жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

48 жастағы YouTube блогері Мұрат Реджепбайұлы Овезов коронавирус пен карантин туралы «Ащы шындық» поэмасын жазды. 2020 жылдың жазында ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Turkmen.news материалында атап өтілгендей, ақын «Алаяқтық» бабы бойынша сотталды. Дегенмен, дереккөздер істің қозғалуына оның YouTube желісіндегі сөйлеген сөздері себеп болғанын айтады.

Овезов өз арнасында Түркіменстан стандарттары бойынша тым батыл мәлімдемелер жасады.

2020 жылдың 12 маусымындағы өзінің алғашқы видеосында ол пандемия және шекаралардың жабылуы туралы жағдай туралы айтты.

«Ащы шындық» поэмасын оқып берді, оның орыс тіліндегі аудармасы былай делінген:

Эта правда горькая,
Она словно отрава.
Но что поделаешь – выхода нет,
Я вынужден написать.
То, что в мое сознание пришло вдохновение,
Я излагаю в поэтической строке.

Весь мир превратился в карантин,
Он стал причиной того,
Что тела остались в чужой стране,
Где выкопано много могил,
А матери, стеная, вынуждены оплакивать их дома.
Сердце у нации заколотилось в тревоге,
Соотечественники остались в чужой земле.

Земляки, вы уехали в далекую страну, оставив детей.
Горечь разлуки добивает их.
Все, кто на чужбине, старшие братья и младшие,
Пусть Всевышний оберегает вас там.
Ваши дети остались без родительской ласки,
А вас там так много, что не перечесть.

Вирус потряс этот мир,
Но наберитесь терпения – пройдут эти дни.
Найдется снадобье, не возьмет он нашу крепость.
Скоро мир откроет дороги.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер