Ресей Қазақстанға көп көлемде қару жеткізді

2445
Adyrna.kz Telegram

Ресей 2021 жылы Қазақстан мен Өзбекстанға әскери техникаларды, оның ішінде ұшақтар мен зымыран кешендерін жеткізген. Бұл туралы РБК-ға берген сұхбатында Ресей Федерациясының Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметінің (ФСМТК) директоры Дмитрий Шугаев мәлімдеді.

"Мәселен, 2021 жылы біз Қазақстан мен Өзбекстанға Су-30СМ ұшақтарын, Ми-35М тікұшақтарын, Бук-М2Е зениттік-зымырандық кешендерін, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлерін "Орлан-10Е" ұшқышсыз дрондарын, жеңіл броньды "Тайфун-К" атыс қарулары жеткізілді" - деді Шугаев.

Оның айтуынша, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастығы пандемия жағдайында дамып келеді. "Биыл 2022 жылдың басына белгіленген келісім-шарттарды орындау үшін белгілі бір күш-жігер жұмсалды. Осылайша біз тепе-теңдікті сақтадық", - деді Шугаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер