Қарағандыда ер адам ЖШС директорына тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
27 қазанда сауда кәсіпорындарының бірінде қару қолданылған жанжал болды.
Оқиға орнына жеткен полицейлер кәсіпорында ЖШС-нің 30 жастағы директоры мен белгісіз біреудің арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал барысында шабуылдаушы Wasp
травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Оқ жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартып, емдеу мекемесіне жүгінген.
Новости по теме
Кінәлі деп танылған 29 жастағы жігіт ұсталды. Күдікті өз күнәсін мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді, делінген ақпаратта.
"Адырна" ұлттық порталы