Бокстан әлем чемпионаты: Асланбек Шымбергенов германиялық қарсыласын нокдаунмен жеңді (ВИДЕО)

3768
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/8bb2e1798aa87fbf.jpeg
Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Чемпионаттың 1/8 айналымында Шымбергенов Германия атынан шығатын кавказдық боксшы Магомед Шахидовпен кездескен болатын. Жекпе-жек Асланбектің басымдығы айқын байқалды. https://youtu.be/6B7KR9RPpHY Төрешілер екі раунд қорытындысы бойынша жеңісті қазақстандық боксшыға берген. Ал үшінші раундтың соңында Шымбергеновтің жойқын соққысынан Шахидов есеңгіреп қалды. Осыдан соң, төрешілер кездесуді дереу тоқтатып, Асланбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии